«Аль-Айн» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Қазақстанға ұшып келді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы футболшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Бауыржан анасымен бірге түскен суретін жариялап, «Анасы бар адамдар ешкашан картаймайды» деп жазды.

Айта кетейік, Исламхан ұлттық құраманың ойындарына қатысу үшін елге келді. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 4 қыркүйекте Литвамен, ал 7 қыркүйекте Беларусьпен кездеседі.