30 тамызда Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында үш матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Чемпионат көшбасшысы «Қайрат» шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі. Ел чемпионы «Астана» алматыда «Таразға» қарсы матч өткізеді. Бүгінгі үшінші ойын «Қызыл Жар» мен «Каспий» арасында өтеді.

«Ордабасы» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:50-де басталады. Ал «Астана» - «Тараз» ойыны 17:55-те, «Қызыл Жар» - «Каспий» кездесуі 20:55-те басталады. Барлық ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, 7-тур аясында кеше екі ойын өткен. Қызылордалық «Қайсар» қостанайлық «Тобылды» 2:1 есебімен жеңсе, көкшетаулық «Оқжетпес» пен қарағандылық «Шахтер» тең тарқасты.

«Қайсар» ойыншылары әр турда ғажайып гол соғуды жөн көреді». Ресейлік сайт қызылордалық клуб туралы