«Милан» футбол клубы мен шабуылшы Златан Ибрагимович келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы миландық клуб ресми хабарлады.

Жаңа келісімшарттың егжей-тегжейі туралы айтылмады. Бірақ БАҚ швед футболшысы «Милан» сапында 2020/2021 жылғы маусымының соңына дейін ойнайды деп сенеді.

Айта кетейік, Ибрагимович «Миланға» биыл қыста ауысып келген. Өткен маусымда Италия чемпионатында 16 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.