Каталондық «Барселона» шабуылшы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испан командасы «Лацио» футболшысы Чиро Иммобилені сатып алуға әрекет жасап көрмек. Сұрмерген Италия чемпионатының өткен маусымында 36 гол соқты.

Еске сала кетейік, қауесеттерге сүйенсек, «Барселонаның» жаңа бас бапкері Рональд Куман шабуылшы Луис Суаресті сатқысы келеді.