Қазақстан футболшылары ендігәрі Беларусь чемпионатында легионер саналмайды, деп жазады Prosports.kz сайты.

27 тамыз күні өткен Беларусь футбол федерациясының атқарушы комитетінің кезекті отырысында Қазақстан және Ресей футболшыларының мәртебесін өзгерту туралы шешім қабылданды.

– Легионер деп Қазақстан Республикасы азаматы, Ресей Федерациясы азаматы, сондай-ақ Беларусь Республикасының Жоғарғы оқу орындарында күндізгі бөлімде кемінде 1 жыл оқыған шетелдік азаматтар (бірінші және екінші лига үшін) саналмайды, – делінген шешімде.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей чемпионатында Қазақстан футболшылары легионер мәртебесінен айырылған еді.