Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2020/21 жылғы Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция құрамасы Ұлттар лигасы аясында 5 қыркүйекте Швециямен, ал 8 қыркүйекте Хорватиямен кездеседі.

Айта кетерлігі, бұл тізімге «Ренн» клубының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга да енді. Оның жасы бар болғаны 17-де ғана (17 жас 9 ай).

Осылайша, Камавинга Франция құрамасына шақырылған ең жас ойыншы атанды.

Қақпашылар: Уго Льорис («Тоттенхэм»), Мик Меньян («Лилль»), Стив Манданда («Марсель»).

Қорғаушылар: Флоран Менди, Рафаэль Варан (екеуі де — «Реал»), Люка Динь («Эвертон»), Лео Дюбуа («Лион»), Люка Эрнандес («Бавария»), Преснель Кимпембе («Пари Сен-Жермен»), Клеман Ленгле («Барселона»), Дайотчанкуль Упамекано («РБ Лейпциг»).

Жартылай қорғаушылар: Эдуардо Камавинга, Стивен Н'Зонзи (екеуі де — «Ренн»), Нголо Канте («Челси»), Адриен Рабьо («Ювентус»), Мусса Сиссоко («Тоттенхэм»).

Шабуылшылар: Уссем Ауар («Лион»), Виссам Бен-Йеддер («Монако»), Оливье Жиру («Челси»), Антуан Гризманн («Барселона»), Жонатан Иконе («Лилль»), Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед»), Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен»).