Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі матчында «Қайрат» Орталық стадионда Арменияның «Ноа» командасымен 4:1 есебімен жеңді. Алматылық клубтың бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав өз ұжымының жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде Вагнер Лав дубль авторы атанды. «Қайраттың» жаңадан келген ойыншысы матчтың 35 және 70-минуттарында гол соқты.

«Керемет жеңіс, мен екі гол соғып, нәтижелі пас бергеніме қуаныштымын. Алға, Қайрат!» - деп жазды Вагнер өзінің Instagram парақшасында.

Алматы командасында Гүлжігіт Алықұлов (12) пен Адеринсола Эсеола (90+4) мергендігімен көзге түскенін еске саламыз.