Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов Ресейдің «Чайка» командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

«Қайрат» клубының түлегі Қазақстанда екі ғана маусым ойнап, артынша Латвия чемпионатына ауысып кетті.

Рамазан Оразов өткен маусымды «Даугавпилс» командасының сапында өткізген. Биылғы маусымды ол Ресейдің деңгейі жағынан екінші лигасында бақ сынайтын «Чайка» командасында бастайды.