«Манчестер Сити» клубының өкілдері келесі аптада «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің отбасымен кездесу өткізбек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты журналист Вероника Брунатти таратты.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын әлемдік БАҚ 33 жастағы Мессидің каталониялық клубтан кеткісі келетінін жазған.

Месси өткен маусымда «Барселон» сапында матч өткізді және 31 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Көптеген дереккөздердің жазуы бойынша Мессиге «Интер», ПСЖ және «Манчестер Юнайтед» командалары таласып отыр.