Бүгін, 27 тамызда Талғарда Қазақстан чемпионатының алтыншы турындағы «Жетісу» - «Қызыл-Жар СК» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу жергілікті уақыт бойынша 16:00-де басталады. Тікелей эфирді мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.

Еске сала кетейік, осы турдағы «Қайрат» - «Астана» және «Тобыл» - «Ордабасы» матчтары Еуропа лигасына байланысты кейінге қалды.

Фото: «Жетісу» ФК