27 тамыз күні Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Алматының Орталық стадионында Ереванның «Ноа» клубын қабылдайды. Армения құрамасының бас бапкері Владимир Жапалэу алдағы матч туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz алматылық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ноа» бапкері «Қайраттың» мықты тұстарын тізбелей кетті.

- Қайырлы кеш! Тарихы бай команданың стадионына келгеніме қуаныштымын. Бұл бәріміз үшін маңызды матч болады деп ойлаймын.

- «Қайраттың» чемпионаттағы соңғы матчтарын көрдіңіз бе? Қарсыласыңыздың мықты тұстарын айта кетіңізші.

- Әрине, талдау жасадық. Күшті жақтары - қарсыластың жылдам шабуылдары. Команда допты тез қақпақылдап, қарсыласқа сауатты қысым жасайды. Қарсыласты жақсы талдадық.

- «Қайрат» ойыншыларының қайсысын атап көрсете аласыз? Матчта қай ойыншыдан сескенесіз?

- Қақпашы мен капитандарыңызды атай кетейін, содан кейін шабуылда – Лав өте қауіпті болуы мүмкін. Дегенмен ол негізгі құрам ойыншысы емес сияқты. Мүмкін ол Еуропа лигасында ойнайды. Менің ойымша, «Қайраттың» кез келген ойыншысынан сақ болу керек. Біз дайынбыз және қарсылық танытамыз.

- Осы жылдан бастап ЕАЭО елдерінің ойыншылары енді легионер болып саналмайды. Сіздің ойыңызша, бұл өзара тиімді келісім деп ойлайсыз ба? Армения чемпионатында қазақстандық ойыншылар пайда бола ма, қалай ойлайсыз?

- Арандатарлық сұрақ екен. Менің ойымша, деңгей сөзсіз жоғарылады. Егер ЕАЭО ойыншылары легионер саналмаса, бәсекелестік артады. Қазақстандық ойыншылар Армения чемпионатында ғана емес, басқа біріншіліктерден де табылуы мүмкін.

- Алдағы ойында клубыңызға не қиын болмақ?

- Қиын ойын болары анық. Мұның бәрі біздің көзқарасымызға, әр сәтте қалай шоғырлануға байланысты. Матчта біртұтас қимылдап, бәрін өзіміз ойластырғандай жасау өте маңызды.

- «Қайратты» қалай қапы қалдыруға болады?

- Арық айтып, семіз шыққан жөн болар (күледі). Матчты күтейік.

«Қайрат» - «Ноя» матчы 27 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.