Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев Prosports.kz тілшісіне оның рингке қашан оралатынын айтты.

- Зия, Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі туралы жаңалық бар ма?

- Бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Жақында ресми түрде жариялаймыз.

- Жекпе-жек күзде өте ме? Джулиус Индонго қарсылас бола ма?

- Бокс кеші АҚШ-та өтеді. Matchroom Boxing 15 тамыз күні Америкада турнир өткізді. Бұл жерде тағы бір бокс кеші жоспарланған. Индонго әлі күнге дейін Елеусіновтің қарсыласы саналады. Бұрын бізге қыркүйектің соңы немесе қазанның басы болады деп айтқан. Біз осы мерзімге дайындалып жатырмыз. Қалай болғанда да, бәрі жақын арада белгілі болады.

Еске сала кетелік, Данияр Елеусінов пен Джулиус Индонго арасындағы жекпе-жек көктемде өтуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты айқас белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.