Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиёр Зайнутдинов ЦСКА футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы мәскеулік клубпен 2024/25 маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды.

2019 жылдың басынан бері Зайнутдинов «Ростовта» ойнады. Барлық турнирлерде 35 матч өткізіп, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Қазақстан чемпионатында «Астана» мен «Тараз» сапында өнер көрсетті.