Америкалық бокс сарапшы Берни Бармазель Геннадий Головкиннің үздік суретін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бармазель Twitter желісіндегі жеке парақшасында орта салмақта IBF, WBC, WBA және IBO чемпиондық белдіктерінің иегері Головкиннің суретін жариялады. Сурет 2016 жылы түсірілген.

«Осыдан төрт жыл бұрын. Биг Беардегі медиа күні, Келл Брукпен жекпе-жектің алдында», - деп жазды ол.