Шығыс жекпе-жек өнерінің шебері Мерей Сүйінов, жуырда "Senshi" кубогін жеңіп алды. Халықаралық турнир Болгарияда өтті. Алматы облысының тумасы осылайша әлемдегі киокушин каратэ ұйымдарының басын қосқан ең беделді бәсекеде топ жарып отыр. Мерей Сүйінов Талдықорғанға ұшып келген сәтте, оны әуежайдан жанкүйерлерімен туған туыстары және Алматы облыстық спорт басқармасының өкілдері күтіп алды,деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Ел мерейін үстем еткен Мерей Сүйіновке жанкүйерлері барынша құрмет көрсетті. Өйткені, ол киокушин каратэ одағының өткізген турнирде қарсыласын айқын жеңді. Айта кетейік, айтулы жарысқа тек арнайы шақырту алған таңдаулы спортшылар ғана қатысады.

Зайна Бетирова

ЗАЙНА БЕТИРОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Киокушин каратэ ұйымының кәсіпқой спортшылар лигасында менің шәкіртім Мерей Сүйіновтің жеңімпаз атануы әрине қуантты. Бір жағынан Алматы облысында бұл спорттың дамығандығын аңғартты. Мерейдің қарсыласы өте мықты болды. Дегенмен, Мерей жекпе-жек барысында барын салды. Осының арқасында үздік шықты.»

Бастапқы да бұл жарысқа Мерей Сүйіновтің қатысуы белгісіз еді. Өйткені, әлемді жайлаған «Короновирус» індеті оған тікелей себеп болған. Сонымен қатар сайыстың өтуіне де кедергісін келтіріпті. Дегенмен соңғы сәтте барлығы оңынан шешілген.

ЗАЙНА БЕТИРОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Әлемдік киокушин ұйымының өткізген айтулы сайысында шәкіртім Мерей Сүйінов,Қазақстандық спортшылар арасында бірінші болып жеңіске жеткені мені қуантты. Бұл жарысты әлем бойынша барлық шығыс жекпе-жек өнерінің өкілдері бақылады. Жеңіс тойын тойлап мақсатымыз орындалған сәтте Норичика Сакамота сияқты осы спорттағы майталмандар бізбен бірге қуанды. Біз еліміздің туын биікке көтеріп, намысын бермедік.»

Мерей Сүйінов 90 келі салмақ дәрежесінде Жан Поль Жакоутпен рингке шықты. Француз спортшысы өткен жылы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған. Жарыс жаңа ереже бойынша өрбіді. Ол, кик боксингке өте ұқсас келеді. Яғни спортшылар қолғап киіп, 3 минуттан 3 раунд жекпе-жек өткізді. Мерей Жан Поль мен 3 жыл бұрын кездесіп, онда жеңген еді. Бұл жолы да қарсыласына есе жіберген жоқ. Тіпті, Француз атлетін екі мәрте есеңгіретіп, айқын басымдылық танытты

МЕРЕЙ СҮЙІНОВ, ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Мен қарсыласыммен 3 жыл бұрын кездескенмін. Ол кезде Жан Польді жеңдім. Одан бері біраз уақыт өткендіктен Франсуз спортшысын зерттеп көруім керек еді. Бірақ, оған мүмкіндік болмады. Жарысқа 100% пайыздық дайын болдым, деп айта алмаймын. Өйткені, Болгарияға шекара ашылама, жоқпа, деп күтіп жүрдік. Бұл мәселе шешілгенде жаттығтырушым екеуміз арнайы тактика құрдық. Мәселен, қарсыласым шапшаң қимылдасы мынадай әдісті, қолының соққыларына сүйенсе мынадай әдісті қолданамыз, деп келістік. Содан соң жекпе-жек барысында ұстазым Жан Польдің осал тұстарын айтып отырды. Оны мен ұтымды пйдаландым. Нәтижесінде жеңдік.»

Мерей Сүйінов қазір бабында. Күз айларында халықаралық жарыстар ұйымдастырылар болса, оғанда қатысып, лайықты өнер көрсетуді жаспарлаған.

Мерей Сүйінов

МЕРЕЙ СҮЙІНОВ, ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Ұйымдастырушылар біздің нұсмқаны кик боксингке ұқсатып, жаңа ережемен өткізді. Болашақта кәсіпқой бокстағыдай чемпиондық белбеу деп, бірнеше тұжырым бойынша жарыс ұйымдастыру көзделген.»

Мерей шәкірттерімен бірге

Қазір Мерей Сүйінов Талдықорған каратэ орталығын басқарады. Шәкірт тәрбиелеп, бапкерлікті де қатар алып жүр. Оның мақсаты, өзі сияқты әлем чемпионын дайындау