Халықаралық хоккей федерациясы осы маусымда құрлықтық кубокты өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады IIHF президенті Рене Фасель.

«Біз бұл турнирден бас тарту туралы шешім қабылдадық. Оны өткізcек көптеген қауіп-қатерлер бар, қозғалыс кезіндегі логистикалық проблемалар өте көп, медициналық комиссияның талаптарын да ескеру керек. Біз бұл дұрыс шешім деп санаймыз», - деді Фасель.

Турнир 1997 жылдан бастап жыл сайын еуропалық клубтар арасында өткізіліп келеді.