УЕФА президенті Александер Чеферин Чемпиондар лигасының келесі маусымда қандай форматта өтетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Биыл біз амалсыздан плей-офф кезеңін бір матчта жеңімпаз анықталатын жүйеде өткіздік. Бірақ бұл форматтың да артықшылығы бар екенін байқадық.

Кездесу тағдыры бір ойында шешілсе, матч тартысқа толы болдады. Бір команда гол соқса, екінші командада гол соғуы керек болады. Асықпай қарымта ойында гол соғамыз деген ой болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл жүйенің артықшылығы бар секілді. Ойынды тартымды етеді. Бірақ бұл мәселені алдағы уақытта жан-жақтылы талқылаймыз, - деді УЕФА басшысы.

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы ширек финалдан бастап кубоктық жүйеде өтті.