Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы Еуропа Чемпионаты топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімінде бірінші себетте (корзина) болады, деп жазады Prosports.kz.

А себетінде Еуропадағы ең үздік құрамалар жиналған. Олар топтық кезеңде өзара кездеспейді.

Жеребе тарту рәсімі 2 қыркүйекте Ньон қаласында (Швейцария) өтеді. 32 команда сегіз топқа бөлінеді. Чемпионат 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.

ЕЧ топтық кезеңіне арналған себеттер (корзина):

А: Испания, Португалия, Ресей, Қазақстан, Сербия, Әзірбайжан, Хорватия, Италия;

В: Украина, Чехия, Словения, Румыния, Венгрия, Франция, Финляндия, Словакия;

С: Беларусь, Босния және Герцеговина, Польша, Бельгия, Грузия, Латвия, Молдова, Албания;

D/E: Норвегия, Түркия/Греция, Сан-Марино/Дания, Израиль/Кипр, Швейцария/Германия, Англия/Солтүстік Македония, Болгария/Армения, Черногория/Литва.

Еуропа чемпионаты. Іріктеудің жеребесі қыркүйекте тартылады

Қазақстан чемпионаты уақытынан бұрын аяқ