Шабуылшы Александр Тарасов «Торпедо» хоккей клубынан кетті, деп жазады Prosports.kz

Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Хоккейші мен «Торпедо» арасындағы келісімшарт қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылды. Ойыншының жаңа клубы қазірше белгісіз.

Айта кетейік, 2019/20 жылғы маусымда Тарасов ЖХЛ-да 54 матчқа қатысып, 13+17 ұпай жинады.