Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Cincinnati Masters турнирінің жұптық кезеңінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жұптық кезеңде ол германиялық Лаура Зигемундпен бірге ойнады.

Рыбакина/Зигемунд жұбы бразилиялық Луиза Стефани мен америкалық Хэйли Картерге қарсы ойнады. Үш сетке созылнан кездесу 2:6, 6:3, 10:12 есебімен қарсыластар еншісіне шешілді.

Екеу ара кездесу барлығы 1 сағат 20 минутқа созылды. Айта кетерлігі, Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан бәсекеде ресейлік Екатерина Александровадан жеңіліп қалған болатын.