COVID-19 пандемиясына байланысты ұзақ тыныштықтан кейін МТК Kazakhstan 23 тамызда Алматыда Fight Night турнирін ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегі Қазақстан құрамасының капитаны және Токиода өтетін 2021 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Қамшыбек Қоңқабаевтың алғашқы дебюттік кездесуі болмақ. Бірінші ауыр салмақта (90,1 келі) өнер көрсеткен боксшы тәжірибелі жерлесіміз Иса Ақбербаевпен (20-1, 15 КО) кездеседі.

Кештің басты жекпе-жегінде Parimatch букмекерлік кеңсесінің бренд елшісі Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) беларусьтік тәжірибелі боксшы Андрей Исаевқа (30-17, 9 КО) қарсы күшін сынап көрмек. Айқас (61,2 кг) сегіз раундқа жоспарланған.

Кәсіпқой бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де, ал негізгі карды 22:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

Есrе сала кетейік, бокс кешінің ресми серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

UNDERDOG.kz спорт агенттігі 2019 жылы құрылды. Агенттіктің мақсаты спортқа инвестициялар тарту, жеке брендтерді басқару, сонымен қатар спорттық маркетингті дамыту. Бүгінгі таңда NDRG ММА, бокс және футболда салаларында өз жұмысын бастап кетті.