Беларусь чемпионатының 22-туры аясында «Рух» футбол клубы сырт алаңда «Городея» командасын жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Кездесу 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

«Городея» (Городея, Беларусь) – «Рух» (Брест, Беларусь) – 1:3

Гол соққандар: Ян Сенкевич 60 – Денис Гречихо 11, Олег Никифоренко 43, Всеволод Садовский 84

Айта кетейік, «Рух» командасын «Ақтөбе» бұрынғы бапкері Александр Седнев жаттықтырады. Ал оның көмекшісі 43 жастағы қазақстандық маман Андрей Ферапонтов.

Сонымен қатар, бұл клуб сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев өнер көрсетеді. Ол «Городеяға» қарсы ойында негізгі құрамда шықты.