Премьер-лиганың бесінші турының матчында Алматыда Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» қарағандылық «Шахтермен» ойнады.

85-минутқа дейін таблодағы есеп 1:1 болатын. Алайда, «кеншілер» соңғы минуттарда екі доп соғып, үш ұпайға қол жеткізді.

«Қызыл-Жар СК» — «Шахтер» 1:3 (0:1)

Гол соққандар: Буйволов 14 (0:1), Энаке 77 (1:1), Ламанж 85 (1:2), Тәттібаев 90+2 (1:3).