«Астана» шабуылшысы Рангело Янганы Нидерландтың НЕК командасына жалға бергенін хабарлады.

– «Астана» мен нидерландтық НЕК (Ниймеген) клубтары шабуылшы Рангело Янганы жалға алу туралы келісімге қол қойды.

Кюрасао құрамасының шабуылшысы Нидерландияда бір жыл жалда ойнайды, - делінген клубтың хабарламасында.

Айта кетейік, Рангело Янга «Астана» сапында 64 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.