22 тамызда Қазанда бокс кеші өтеді, оның барысында қазақстандық Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фирузаның қарсыласы Танзания чемпионы Хэппи Дауди болады. Бұл жекпе-жекте IBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу бәске тігіледі.

Қазақстандағы жекпе-жектің тікелей эфирін «Хабар» телеарнасы, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де бастайды. Эфирді мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Фируза Шарипованың жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды

Фируза Шарипова танзаниялық боксшымен жұдырықтасады