Елордалық «Барыс» маусым алдындағы дайындық кезінде өскемендік «Торпедоға» қарсы жолдастық матчын өткізді.

Аталмыш ойын бас бапкер Юрий Михайлис үшін «Барыс» тізгініндегі алғашқысы болды. Тартысқа толы өткен кездесу овер-таймға дейін жалғасып, «Торпедоның» жеңісімен аяқталды.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан) – «Торпедо» (Өскемен) 1:2 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 - Петухов (Акользин, Метальников) - 05:24

1:1 - Мерескин (Угольников, Архипов) - 32:14 ГБ

1:2 - Архипов (Мерескин, Угольников) - 60:33

Қақпашылар: Карлссон - Сидоров