«Барыс» хоккей клубы қазақстандық шабуылшы Михаил Рахмановпен келісімшартты бұзды, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт қос тараптың келісімі бойынша бұызлған.

28 жастағы шабуылшы осы маусымда «Барыс» жүйесіне оралып, «Номад» сапына қосылған болатын. Алайда ол бірде-бір матч өткізбестен, қайта қоштасып отыр.

Хоккейші бұған дейін 2011 жылдан бастап 2015 жылдың қазан айының соңына елорадлық клуб жүйесінде өнер көрсеткен. «Барыс» сапында ҚХЛ-да 130 матчқа қатысып, (13+11) ұпай жинаған.

2015 жылдың қазан айының соңында Михаил Рахманов павлодарлық «Ертіске» ауысты. Содан кейін ол өскемендік «Торпедода», алматылық «Алматы» және көкшетаулық «Арлан» сапында өнер көрсетті.

Михаил Рахманов - 2017 жылғы Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері. Аталған сында Қазақстан құрамасы сапында 6 матчқа қатысып, 4 (2+2) ұпай жинаған.