Елдегі карантин шаралары жеңілдегелі бері Жетісулық спортшылар далада дайындала бастады. Жекпе-жек сайысының шеберлері кеңейтілген оқу-жаттықу жиынына кірісіп кетті. Алматы облысының спортшылары күз айларында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Басты мақсат-командалық есепте жүлдегер атану, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.