DAZN мексикалық боксшы Сауль Альварес келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізбесе сыйақы мөлшерін қысқартады.

«Канело» түрік боксшысы Авни Йылдырыммен жекпе-жек өткізген жағдайда DAZN мексикалық спортшының сыйақысын 50% қысқартып, 17 миллион еуро төлейтінін ескерткен.

Мұндай шара қазақстандық Геннадий Головкинге де қатысты болуы мүмкін. Егер ол поляк боксшысы Камил Шереметаға қарсы өткізсе 7,5 миллион еуро ғана сыйақы алады.