17-18 қазан күндері Австрияның Зельден қаласында өтетін тау шаңғысынан әлем кубогының алғашқы кезеңіне жанкүйерлер жіберілмейді.

«Жарысты тамашалайтын көрермендер болмайды. Бұл індет кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін қажет. Сондай-ақ, Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы мен Австрия шаңғы одағы да бұл шешімді құптап отыр», - дейді ұйымдастырушылар.

Кубоктық кезең өткізілетін аймақ төрт секторға бөлінеді. Спортшылар мен бапкерлер және БАҚ өкілдері мен ұйымдастырушылар бір бірінен алшақ орналасады.