«Автомобилист» хоккей клубының негізгі құрамдағы ойыншыларының үштен біріне коронавирус диагнозы қойылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Клуб коронавирустың өршуі туралы мәлімдеме жасап, Челябі облысы губернаторының кубогына қатысудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше командада коронавирус анықталғандықтан, кубок өтпейтін болды.