Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы өзінің Инстаграмында тағы бір спаррингінде түсірген видеоны жариялады

Айта кетейік, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) Елеусіновтың келесі қарсыласы болады деп күтіліп отыр. Қазақстандық боксшы онымен сәуір айында кездесуді жоспарлаған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды. Ал жекпе-жектің жаңа мерзімі әлі белгісіз.

Фото Данияр Елеусіновтың Инстаграм-парақшасынан алынды