Футболдан Чемпиондар лигасының 2-іріктеу кезеңінде Әзірбайжанның «Қарабахы» Молдованың «Шериф» және Люксембургтің «Фола» командалары арасындағы кездесу жеңімпазымен ойнайды. Бұл матчта қазақстандық төрешілер қызмет етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Azerisport.com хабарлағандай, Фуркат Атажанов кездесудің бас төрешісі болып тағайындалды, оған Сергей Калачев пен Дархан Төлегенов, сондай-ақ төртінші төреші Григорий Московченко көмектеседі.

Екінші кезеңдегі бұл ойын 26 тамызда Бакудегі Тофик Бахрамов стадионында өтеді.