«Барселонаның» президенті Жозеп Бартомеу журналистерге өткізген баспасөз мәслихатында Рональд Куманның жақын арада каталондық клубты тізгіндейтінін растады.

– Бұл жайлы барлық БАҚ жарыса жазып жатыр. Егер бәрі біз ойлағандай өтсе, Куман бас бапкер қызметіне келеді. Оны жақсы білгендіктен сенім артып отырмыз, – деді Бартомеу.

Каталондық клуб 57 жастағы жаттықтырушы жақын күндері таныстырады. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды. Қос тарап 2 жылға келісімшартқа отырады деп күтілуде.

Рональд Куман 2018 жылдың ақпан айында Нидерланды құрамасының тізгінін ұстап, Еуро-2020 турниріне құраманы алып шықты.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасында «Бавариядан» ойсырай ұтылған соң «Барселона» бас бапкері Кике Сетьенді қызметінен босатты.