Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуінде «Пари Сен-Жермен» 3:0 есебімен «РБ Лейпцигті» жеңді. Кездесу Лиссабонда (Португалия) «Да Луш» стадионында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың қаһарманы - франциялық клубтың ойыншысы Анхель ди Мария болды. Аргентиналық ойыншы команданың үш голына да өз үлесін қосты. Алғашқы және соңғы голдарда Маркиньос пен Хуан Бернатқа нәтижелі пас берді. Екінші допты өзі қарсылас қақпасына дарытты.

ПСЖ өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Тамыздың 19-нан 20-на қараған түні ойнайтын «Лион» мен «Бавария» финалдың екінші жолдамасын сарапқа салады.

Чемпиондар лигасы. 1/2 финал:

«РБ Лейпциг» (Германия) – ПСЖ (Франция) – 0:3

Гол соққандар: Маркиньос, 13 (0:1); Ди Мария, 42 (0:2); Бернат, 56 (0:3).