Италияда «Джиро делл'Эмилия» бір күндік жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» велошабандозы ресейлік Александр Власов жеңімпаз атанды. Екінші орын Deceuninck-Quick Step командасындағы португалиялық Джоао Альмейдада. Үшінші орынды UAE-Team Emirates өкілі Диего Улисси иеленді.
Еске салайық, бұл Александр Власовтың «Астана» жейдесіндегі үшінші жеңісі.
«Джиро делл'Эмилия»
1. Александр Власов («Астана»)
2. Жоау Алмейда (Deceuninck-Quick Step) - +0:09
3. Диего Улисси (UAE-Team Emirates) - + 0:18
...6. Якоб Фульсанг («Астана») - +0:29
Комментарии