Шабуылшы Сергей Голоднюк «Сарыарқа» хоккей клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Голоднюк қарағандылық клубқа 2019/2020 жылғы Ханты-Мансийсктің «Мамонты Югры» жастар клубынан ауысып келген.

Өткен маусымда Сергей «Сарыарқа» сапында 39 матчқа қатысып, 14 (6+8) ұпай жинады.