Ресейлік файтер Умар Нурмагомедов UFC-дегі алғашқы қарсыласының есімін білді.

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Instagram-парақшасында UFC 254 турниріндегі қарсыласын білгенін хабарлап, алайда есімін құпия сақтап қалды.

ТАСС агенттігінің журналисі Игорь Лазориннің мәліметінше, Умар Нурмагомедов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қазақстандық Сергей Морозовқа қарсы өткізуі мүмкін.

Сергей Морозовтың жекпе-жегі UFC 254 алаңында өтеді, оның басты додасында UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық спортшы Дастин Гэтжимен кездеседі. Турнир Абу-Дабидегі (БАӘ) Сарбаздар аралында өтеді.