УЕФА бресттік "Динамо" мен "Астана" арасындағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчына қызмет ететін төрешілер тобын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сербт Новак Симович бас төрешіболып тағайындалды. Оның көмекшілері де сербтер - Неманья Петрович пен Никола Йорович. Резервтегі төрешісі - Ненад Минакович.

Естеріңізге сала кетейік, "Динамо" - "Астана" матчы 2020 жылдың 18 тамызында Брестте өтеді.