Елдегі карантинге байланысты жетісулық дзюдошылар бірнеше топқа бөлініп, дайындық өткізіп жатыр. Олар күзде өтетін Қазақстан біріншілігі мен халықаралық турнирлерде топ жаруды көздеп отыр. Жаттығу уақыты аптасына 5 рет, бір жарым сағатқа созылған, деп жазады Prosport.kz тілшісі.

Азамат Нұқышев 12 жылдан бері дзюдомен кәсіби тұрғыда айналысып келеді.Биыл жасы 25-те. Түрлі деңгейде өткен жарыстардың жеңімпазы атанды. Әйтседе, 2013-ші жылы сол жақ көзінен ауыр жарақат алып, үлкен спорттан кетуге мәжбүр болды. Дегенмен қайсар қазақ баласы мойымады. Көп уақыт өтпей жатып, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында күресе бастады. Жігері жасымаған жас жігіт алдымен 2017-ші жылы өткен Қазақстан чемпионатында екінші орынға ие болды. Осының арқасында Ұлттық құрамаға қабылданып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғады. Әлемдік «Гран-при»турнирінде 3-ші орны алды. 2018-ші жылы Атырауда өткен әлем кубогіне қатысып, қола жұлдегер атанады. Бір жылдан соң Атырауда Азия біріншілігі ұйымдастырылып, Азамат Нұқышов мұнда да бағын сынады. Нәтижесінде командалық есепте құрлық жеңімпазы болды. Биыл қыста 66 кг. салмағында Қазақстан чемпиондығын жеңіп алды. Оның ендігі арманы Токио Паралимпиада ойындарында топ жару

АЗАМАТ НҰҚЫШЕВ