Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) тамыз айына арналған теннисшілер рейтингісін түзді.

Қазақстандық спортшылар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өз орындарын сақтап қалды. Рыбакина 17, Путинцева 33-орында.

Ал Зарина Дияс екі сатыға төмендеп, 66-орыннан көрінді.

Көш басында австралиялық Эшли Барти келеді. Екінші орында румыниялық Симона Халеп, үшінші сатыда чехиялық Каролина Плишкова.