«Ростов» футбол клубы 2020/21 жылғы маусымға арналған спорттық формасын таныстырды, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа форма толығымен қара көк түсті, ал қақпашының формасы ашық көк түсте. Клубтың техникалық демеушісі - немістің Puma компаниясы.

Айта кетейік, «Ростов» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.