«Барселона» ойыншылары клуб президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды AS.

Газеттің хабарлауынша, ойыншылар клубтың проблемасы тек ойыншылар мен жаттықтырушыларда емес екенін айтқан Жерар Пикенің сөзін қолдайды. Оның пайымдауынша, католониялық клубта басшылықтың өзгеруі қажет.

Клуб футболшылары қазіргі президент Жозеп Бертомеуден мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен.