Бүгін Францияда «Критериум Дофине» веложарысының 5-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық Зепп Касс (Team Jumbo-Visma) 5-ші кезеңнің жеңімпазы болды. Екінші орында Даниэль Мартинес (EF Pro Cycling). Үздік үштікті Тадей Погакар (UAE-Team Emirates) жапты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Мигель Анхель Лопес «Астанадан» үздік нәтиже көрсетті. Ол мәре сызығын 12-ші болып кесті. Жалпы есепте ол бесінші орынға тұрақтады.

Бесінші кезең

1. Сепп Кусс (Team Jumbo-Visma) - 3:58:39

2. Даниэль Мартинес (EF Pro Cycling) - +0:27

3. Тадей Погачар (UAE-Team Emirates) - +0:30

...12. Мигель Анхель Лопес («Астана Про Тим») - +1:53

Жалпы есеп:

1. Даниэль Мартинес (EF Pro Cycling) - 21:44:58

2. Тибо Пино (Groupama-FDJ) - +0:29

3. Гийом Мартен (Cofidis) - +0:41

...5. Мигель Анхель Лопес («Астана Про Тим») - +1:38