«Ливерпуль» мен «Бавария» арасындағы жартылай қорғаушы Тьяго Алкантараның трансфері туралы келіссөздер қиын болып жатыр, деп хабарлайды инсайдер Фабрисио Романо.

Дереккөздің мәліметінше, мюнхендік жартылай қорғаушы үшін 30 миллион еуро талап етіп отыр. «Қызылдар» футболшы үшін сонша қаражат төлегісі келмейді.

Тьяго мен «Бавария» арасындағы келісімшарт мерзімі 2021 жылдың маусым айында бітеді. Ағылшындар испаниялық футболшыны өз сапына қосуға көндіргенімен, «Бавария» футболшының бағасын түсірмей отыр.