«Астана» Қазақстан чемпионатының келесі маусымына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

-«Астана» хоккей клубы жаңа хоккей маусымына қатыспайды. Біздің сүйікті клубымызға өз үлесін қосқандардың барлығына рахмет. Біздің жанкүйерлерге, ойыншыларға, басшылыққа рахмет. Біз сіздерді тағы да көреміз деп үміттенеміз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, клубты 2011 жылы елорда әкімдігі құрған болатын. Осы жылдың ақпан айында «Астана» «Барыс» жүйесіне енді.