Тамыздың 16-нан 17-не қараған түні испаниялық «Севилья» мен ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командалары Еуропа лигасының алғашқы финалисін анықтайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Германияның Кельн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионындағы ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясы QazSport телеарнасының сайтында қол жетімді болады.

Екінші жартылай финалда италиялық «Интер» мен украиналық «Шахтёр» кездеседі.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының 1/2 финалында ПСЖ мен «Лейпциг», «Бавария» мен «Лион» командалары финал жолдамасын сарапқа салады.