Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (8-0-1, 7 КО) орта салмақтағы WBC халықаралық титулы үшін жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшының әкесі, әрі жаттықтырушысы Марат Елеусінов өзінің Инстаграм-парақшасында Дәурен Елеусіновтің жекпе-жегі қайда болатынын жариялады: «WBC Дәуреннің жекпе-жегін 22 тамызға қалдырды. Гвадалахара қаласында емес, Мехико қаласында өтеді, біз тағы бір апта күтуіміз, қайтадан салмақ тастауымыз керек».

Дәурен Елеусіновтің мексикалық Хуан Карлос Райгосаға (16-15-3, 6 КО) қарсы жекпе-жегі 15 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталуы керек еді, бірақ Гвадалахара қалалық мэриясының шешіміне сәйкес кәсіпқолар арасындағы жекпе-жек өтпей қалды.

Фото Дәурен Елеусіновтың Истаграмдағы парақшасынан алынды