Тамыздың 15-нен 16-на тамызға қараған түні, қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) орта салмақта WBC International титулы үшінн мексикалық Хуан Карлоа Рейгосаға (16-15-3, 6 КО) қарсы жұдырықтасуы керек еді, дегенмен, жекпе-жек кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қымбатты қазақстандықтар, адамдардың көп жиналуына байланысты Гвадалахара қаласының мэриясы коронавирус пандемиясынан сақтау мақсатыда жекпе-жекті келесі аптаға ауыстырды», - деп жазды Елеусінов өзінің Инстаграмдағы «stories» бөлімінде.

Елеусінов пен Рейгоса арасындағы жекпе-жек 15 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталуы керек еді. Бір күн бұрын боксшылар салмақ өлшеді.