Англия Премьер лигасының 2019/20 жылғы маусымындағы үздік бапкер анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Жылдың үздік бапкері атағын «Ливерпуль» жаттықтырушысы Юрген Клопп иеленді.

53 жастағы неміс маманы «Ливерпульді» бастап, мерзімінен бұрын (7 тур бұрын) Англия чемпионы атанды. Маусым қорытындысында екінші орындағы қарсыласынан 18 ұпай ұзап кетті.

Айта кетейік, жылдың үздік бапкері атанудан Клопптан бөлек, Фрэнк Лэмпард («Челси»), Брендан Роджерс («Лестер») және Крис Уайлдер («Шеффилд Юнайтед») үміткер болған.